• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Технология 04 Сәуір, 2022

Радиожиілік ресурстары тиімді пайдаланылмай тұр

150 рет
көрсетілді

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусинге тиімсіз пайдаланылып жатқан радиожиіліктерді босатып, оны бөлудің ашық механизмін енгізуге тапсырма берген болатын.

Радиожиілік спектрі (әрі қарай – РЖС) – шектеулі ресурс, егер радиожиілік бір жыл бойы тиімсіз немесе мақсатсыз пайдаланылса, ЦДИАӨМ өкілетті мекеме ретінде РЖС-ға берілген рұқсатты алып қоюға құқылы. Босатылған радиожиілік ресурс халыққа сапалы байланыс қызмет көрсетуге жұмсалу үшін басқа технологияларға немесе басқа операторларға беріледі.

2021 жылы соттың ше­шімімен радиожиілікті пайда­лануға берілген 8 рұқсат кері қай­тарылды. Бұл рұқсаттар 2016 жылы алынған болатын, алай­да 6 жыл бойы тиімсіз пайда­ла­ныл­ған.

Қазіргі заңнамаға сәйкес WLL (сымсыз абоненттік қолже­тімділік) байланыс түріне рұқсат елді-мекенге ресімделеді. Қала аумағын толықтай сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін желіні бірнеше базалық стан­самен құру қажет, алайда құрылыстардың тығыздығы бұған кедергі боп тұр, оның үстіне желіні бұлайша салу операторларға коммерциялық тұрғыда тиімсіз болуы мүмкін.

Кейбір ірі байланыс операторлары жиіліктерді болашақта пайдалану үшін резервке қояды, яғни әзірше пайдаланбайды немесе бір-екі базалық стансалар­да ғана пайдаланып, желіні әрі қарай дамытпайды. Мұндай жағдайда басқалардың байланыс қызметін ұсыну мүмкіндігі шектеледі.

Қазіргі уақытта ірі қалаларда WLL байланыс желісінде РЖМ-ті тиімсіз пайдалану жағдайы белең алып, радиожиілік ресурсы шектелгендіктен, озық технологиялардың даму үрдісі тоқырап тұр. Бұл ретте, айта кету керек, WLL технологияларына арналған жиілік диапазондарында жаңа технологиялар, соның ішінде 5G желісі де қарқынды түрде дамып жатыр.