• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Сәуір, 2022

Головкин-Мурата жекпе-жегі отандық арналардан көрсетіледі

241 рет
көрсетілді

9 сәуір күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Токио қаласындағы Сайтама Аренада Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кәсіпқой рингтегі 44-кездесуін өткізеді. Бұл жекпе-жекте Головкинның IBF, IBO және Муратаның WBA Super чемпиондық белбеулері сарапқа салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.

Сондай-ақ онлайн qazaqstantv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы тамашалауға болады