Олжас Төлеуов ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Аязбиұлы Төлеуов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», делінген Ақорданың хабарламасында.
Олжас Аязбиұлы Төлеуов 1990 жылы 7 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес Жоғары мектебі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасыТағылымдама және біліктілікті арттыру курстары:
Вусонг университетінің Solbridge бизнес мектебі, Корея Республикасы; Ресейдің орталық банкі; Чехия мен Швейцарияның ұлттық банктері БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК)Еңбек өтілі:
Қарағанды облысы Балқаш қалалық коммуналдық шаруашылығында жұмыс істеді (2012-2013); AERC бизнес-талдаушысы (2013-2015); Стажер, жетекші талдаушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің зерттеулер және статистика департаментінің бас талдаушысы (2015-2018); «Applied Economic Research Centre» (қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы) директорының орынбасары, басқарушы директоры (2018-2020); Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Вице-президенті (06.2020-09.2020); Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі (09.2020 бастап)