• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Сәуір, 2022

Сегіз университеттен шақырту алды

337 рет
көрсетілді

Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық окру­гінде орналасқан №9 Көлтоған жалпы орта мекте­бінің 11-сынып оқушысы Жанерке Зейлбекова Америка Құрама Штаттарының 8 университетінен грант ұтып алды.

Ағылшын тілін терең мең­геріп, Назарбаев универ­си­тетіне түсуге дайындалып жүрген Жанерке онлайн түр­де оқу курстарынан өтіп, шет­елдегі байқауларға да қа­тысқан. Нәтижесінде, АҚШ мем­ле­кетінің 8 университетінен ша­қырту алды. Бүгінде Түркия мемлекетінің жоғары оқу орындарына да құжаттарын тапсырып, нәтижесін күтіп отырған білімді жас осындай жоғары нәтижеге жетуіне бас­ты себепкер болған мектебінің ұстаздарына дән риза. «Жанерке карантинде мектеп қашықтан оқу форматына ауысқан кезде уақытын босқа өткізбей, ағылшын тілінен қосымша сабақтарға қатысып жүрді. Репетитордан онлайн дәріс алды. Ешқандай гимназия, лицей емес, жалпы білім беретін мектепте оқиды. Бостон, Нью-Йорк, Чикаго қалаларында орналасқан жоғары оқу орындарынан шақырту келді. Бүкіл ауыл қатты қуанып жатырмыз», дейді мектеп директоры Қалдыгүл Тұрсынбекова.

Түркиядағы университетке құжат тапсырған Жанерке болашақта дәрігер болғысы келеді.

 

Түркістан облысы