• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Сәуір, 2022

Алматы облысында әскери арсенал табылды

316 рет
көрсетілді

Алматы облысында қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған кезекті әскери арсенал табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, Талғар ауданында қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды.

«Жауынгерлік арсенал сөмкелер мен полиэтилен пакеттерге оранған. Қару-жарақ 5 сәуірде Рысқұлов кентінің маңындағы алаңнан табылды. Сөмкеде Browning мылтығы, 10 көзден жас ағызатын және шулы гранаталар, дене сауыты, әртүрлі калибрлі қаруға тиесілі 7,62 мм және 9 мм 100 патрон табылды», делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.