• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Сәуір, 2022

Рамазан айында 1,5 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылады

614 рет
көрсетілді

Қасиетті Рамазан айында көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін тарату жалғасуда. Жыл басынан бері елорданың 10 мыңнан астам тұрғынына жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда «Қайырымды істер» марафоны аясында қасиетті Рамазан айында 1,5 мыңнан астам әлеуметтік аз қамтылған отбасы азық-түлік себетін алады. Қайырымдылық іс-шарасын қала әкімдігі мен демеушілер бірлесіп ұйымдастырды.

Азық-түлік себеттерін таратуға ҚМДБ өкілдері, еріктілер мен жанашыр азаматтар үлкен көмек көрсетті. Себеттер Әзірет Сұлтан мешітінде жинақталып, елорданың 4 ауданындағы мұқтаж отбасыларға жеткізілді.

«Бүгін қасиетті Рамазан айында 1,5 мың азық-түлік себетін таратуды бастадық. Азық-түлік жиынтықтарын жағдайы төмен отбасылар алады, олардың арасында ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек жандар, зейнеткерлер, жетім балалар, көпбалалы аналар бар. Азық-түлік жиынтықтарында май, ұн, күріш, жарма, қарақұмық, қант, шай, томат пастасы сияқты қажетті азық-түліктер бар. Бір азық-түлік себетінің салмағы – шамамен 20-25 килограмм», деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтері Дамир Айтымов.