• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Теннис 07 Сәуір, 2022

Елена Рыбакина маусымның алғашқы матчында жеңілді

194 рет
көрсетілді

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина америкалық Чарлестонның грунт корттарында жеке жарыстардың үшінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екінші раунд матчында украиналық Ангелина Калининадан 4:6, 6:2, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Үш желілі жекпе-жек екі сағаттан астам уақытқа созылды.

Сондай-ақ Чарлестондағы WTA турнирінің екінші айналымындағы кедергіден Юлия Путинцева да өте алмады, Оның жолын алаң иесі Аманда Анисимова бөгеп, қазақстандықты екі партияда 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Соңғы жаңалықтар