• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Сәуір, 2022

Министр жаңа облыстардың қашан бөлінетінін айтты

464 рет
көрсетілді

Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстанда жаңа аймақтарды бөлу туралы шешім бір жарым ай ішінде қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Менің білуімше, облыстардың бюджетін бөлу және шекараны анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында ғана ШҚО шекарасы шамамен, қалай бөлінетіні туралы ақпарат БАҚ-та жарияланды. Әзірге жаңалық жоқ, жұмыс жүргізіліп жатыр. Жаңа облыстар бойынша Үкіметтің экономикалық блогы айналысып жатыр. Менің ойымша, алдағы бір жарым айда шешім қабылданады», деді министр Сенат отырысынан кейін.

Бұған дейін ШҚО-да облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтіп, онда Абай өңірін құру жоспары таныстырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар