• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Тарих 08 Сәуір, 2022

Өрнегін сендей сала алмас...

565 рет
көрсетілді

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейі қызметінің маңызды бағыттарының бірі – тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, музей заттарын қалпына келтіру және оның өміршеңдігіне қызмет ете отырып, замана өнерімен ұштастыру екені көпке аян.

Жыл сайын музейдің реставраторлары музей заттарының бұзылуын болдырмау және зергерлік бұйымдарды қоса алғанда, экспонаттардың сақ­талуына оңтайлы жағдай жасау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Бұл жұмыстың атқа­рылу барысы музейде өткен «Наурыз нақыштары» атты қазақ мәдениеті мен дәстүрлі ұлттық өнерінің фестивалінде кеңінен көрініс тапты.

Фестиваль аясында Мем­лекеттік орталық музей кол­лекциясындағы қалпына келті­рілген зергерлік бұйым­дардың негізінде «Көненің көзі» атты көрме ашылды. Көрмеде арғы ғасырлардағы дәстүрлі қазақ зергерлік әшекейлерінің сан алуандығы мен сұлулығын ғана көрсетіп қоймай, мәдени мұраны сақтауға және музей құндылықтарын жаңғыртуға өз үлесін қосып отырған музей реставраторларының тынымсыз күрделі жұмысының нәтижесі көпшілікке таныстырылды.

Орталық музей реставраторлары әртүрлі сипаттағы артефактілерді қалпына келтіру барысында түрлі техникалық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, экспонаттарды жөндеу, экспозициялық «түрге» келтіру жұмысын кешенді түрде орындайды. Соңғы уақытта музейдің суретші, зергер, тағы басқа рес­тавраторлары зергерлік бұ­йым­дарды қоса алғанда, му­зей жәдігерлерінің 700-ден астам сақтау бірлігін қалпына келтірді.

«Көненің көзі» атты көр­­ме экспозициясында ал­­ғаш рет дәстүрлі қазақ зер­гер­лік бұйымдарының музей қорындағы бірегей топ­та­масынан 100-ден астам қал­пына келтірілген әйел­дер­дің зер­герлік бұйым­дары ұсы­ныл­ды: сырғалар, білезіктер, сақиналар, шолпылар, киімге арналған сәндік іл­гектерді музейге келгендер ықыласпен қы­зықтады

Экспонаттардың ішінде Гариф Жалмұханов, Иван Брякин, Алтынбек Абдулдаев сияқты зергерлердің көпға­сырлық дәстүр бойынша да­йындаған зергерлік әшекейлері де осы көрмеден орын алған. Сонымен қатар көрмеде ұлттық опера өнерінің шамшырағы Күләш Байсейітова, қазақтың би өнерін қалыптастыруда өл­шеусіз еңбек сіңірген Шара Жиенқұлова, жезтаңдай әнші Жамал Омарова секілді ХХ ғасырдағы аты аңызға айналған әйелдердің зергерлік жинақтары көрменің салмағын арттырып, ажарын аша түскен. «Көненің көзі» көрмесі Орталық музей рес­тавратор шеберлерінің көп жыл­ғы жұмысының түрлі қыр­ла­ры мен құпияларын ашып көр­сетеді.

Мәдени іс-шара бағдар­ламасы аясында зергерлік өнер бойынша шеберлік сабақтары ұйым­дастырылып, өнер май­талман­дары – этникалық әндер­дің танымал орындаушысы «Тенгри» музыкалық этнотобы, Қа­зақстанның еңбек сіңір­ген әртісі Сұлушаш Нұрма­ғам­бе­това, Ж.Елебеков атындағы эс­­трада-цирк колледжінің сту­денттері өнер көрсетті.

 

АЛМАТЫ