• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Сәуір, 2022

Павлодарлықтар 11 сәуір күні жылуды өшірмеуді сұрады

423 рет
көрсетілді

Облыс орталығында дүйсенбі күні жылуды өшірмейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше 2022 жылдың 11 сәуірінен бастап жылу беру маусымының аяқталуы туралы ақпарат жарияланған еді. Бұдан кейін қала тұрғындарынан тұрғын үйлердегі жылуды өшіруді кейінге қалдыру туралы көптеген өтініш келіп түскен. Осыған байланысты қалалық әкімдік «Павлодар жылу желілері» ЖШС-мен бірлесіп, жылу беру маусымының аяқталу мерзімін ауыстыру және гидравликалық сынақтар жүргізу туралы шешімді 2022 жылғы 11 сәуірден 18 сәуірге өзгертетіні мәлім болды.