Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне орай жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірін қар көшкіні жауып қалуы мүмкін.
«Бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 420-450 (Берел ауылынан Рахман қайнары санаториіне дейінгі жол) шақырымында көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынады», делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.