Шығыс Қазақстан облысында бүгін бірнеше рет жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Соған орай қар көшкінінің алдын алу жұмыстары жалғасуда. Бүгін Катонқарағай ауданындағы «Берел-Рахман қайнарлары» тасжолының 432-438 шақырымында жасанды жолмен 890 шаршы метр, Алтай ауданындағы «Алтай-Богатырево» тасжолының 3 учаскесінде 770 текше метр қар түсірілді», деп хабарлады ведомство өкілдері.