• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2022

Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті

496 рет
көрсетілді

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен жалпықалалық сенбілік өтті. Аулаларды, саябақтар мен скверлерді, су қоймаларының жағалауларын тазалауға 60 мыңнан астам тұрғын қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экологиялық акция барысында сақ қорғандарының аумағында, Алатау ауданының Қарағайлы орманында, Сайран көлі мен Қарғалы өзенінің жағасында жаппай ағаш отырғызу жүргізілді. Барлығы 5 мыңнан астам ағаш отырғызылған. 

Сенбілік кезінде қаланың эстетикалық түрін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді: турникеттер, тіректер, орындықтар, урналар сырланды.

Қоқысты шығару үшін қаланың коммуналдық қызметтері мен кәсіпорындарының 502 бірлік арнайы техникасы тартылды. Қала тұрғындары барлығы 10 910 текше метр қоқыс жинаған.