Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы маңызды тарихи құжат екені анық. Шын мәнінде, Қазақстан Президенті республиканың саяси өмірін қайта құру үшін бүкіл мемлекеттік жүйеге түбегейлі реформалар жүргізуге ниетті.
Радикалды реформалар кешені Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдан бері ұсынған бастамаларының бір бөлігі болғанымен, бұл Орталық Азиядағы жас мемлекеттің алғашқы отызжылдық ұстанымынан өзгерек көрінеді. Біз бұрынғы үлгінің өзгерісін көріп тұрмыз. Әрине, бұл шешімдерді Президент Қ.Тоқаев қаңтардағы қайғылы оқиғаларға байланысты қажет деп тапқан болуы мүмкін. Одан бөлек мемлекетті бүгінгідей саяси және әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда, аса қиын әрі күрделі ғасырда тез өзгеріп жатқан әлеуметтік қиындықтарға жедел бейімделе білетін жүйеге айналдыруды көздеген болуы керек.
Тиберио ГРАЦИАНИ,
Vision & Global Trends халықаралық жаһандық талдау институтының төрағасы (Италия)