• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Сәуір, 2022

Жапонияда коронавирустың жаңа штаммы анықталды

249 рет
көрсетілді

Жапонияда «Омикрон»  инфекциясының жаңа түрі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Вирус Токио маңындағы Нарита әуежайындағы карантин пунктінде АҚШ-тан келген 30 жастағы әйелден анықталды. Генетикалық талдау бұл «Омикронның» жаңа түрі екенін анықтады.

Дәрігерлер коронавирустың әртүрлі штамдарының мутациясы нәтижесінде пайда болған үш түрлі сызықты – XD, XE және XF ажыратады. XD және XF сызықтары «Дельта» және «Омикрон» сублиниясының BA нұсқаларын біріктіреді.

XE «Омикрон» түрін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия тарихындағы ең жұқпалы індет деп жариялады.

Аяна Тоғанбек