• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Сәуір, 2022

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттады

473 рет
көрсетілді

Бұл жайында Ұлтық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Азық-түлік тауарлары инфляцияға ең көп үлес қосты, олардың өсуі 10 %-дан 15,4 %-ға дейін жеделдеді. Орамжапырақ, қант, картоп, қызанақ бағаларының айтарлықтай өсуі байқалды. Наурыздың төртінші аптасының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жылдық көрсетуде 18,6 %-ға дейін өскен. Бұл өсуге наурыздың екінші аптасында жекелеген азық-түлік тауарларына сұраныстың артуы айтарлықтай үлес қосты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апталық өсуі наурыздың соңғы аптасында – 1,3 %, сәуірдің бірінші аптасында 0,9 % болып, тұрақтанып келеді», деді Ұлттық банк төрағасы Үкіметтің бүгінгі отырысында.