Үкіметтің кезекті отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жыл басынан бергі мемлекеттік аудиттің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ерұлан Жамаубаев жыл басынан бері шамамен 3,2 трлн теңге сомаға 186 мыңға жуық мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылғанын хабарлады. Нәтижесінде 9912 рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 91%-ы мемлекеттік аудит объектілерімен орындалды.
«500-ден астам аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 1,5 трлн теңгеге жуық бюджет қаражаты қамтылды. 39 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтар тауарларды жеткізуді қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 33 млрд теңгеге жойылды», деді Қаржы министрі.
Оның айтуынша аудит объектілері қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру үшін 400-ден астам ұсыным берілді.