Волейболдан жоғарғы лигадағы 23 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша 80 ұпай еншілеген «Қуаныш-2» құрама командасы Қазақстан чемпионы атанды.
Бес кезең нәтижесінде 69 ұпай еншілеген «Алтай-4» екінші, ал 66 ұпайы бар «Алтай-2» үшінші орыннан көрінді.
Жалпы турнир кестесі келесідей:
1. «Қуаныш-2» (80 ұпай)
2. «Алтай-4» (69 ұпай)
3. «Алтай-2» (66 ұпай)
4. «ERTIS-2» (61 ұпай)
5. «Алтай-3» (58 ұпай)
6. «Жетісу-2» (42 ұпай)
7. «Қарағанды-2» (30 ұпай)
8. «Хайқаракөз-2» (24 ұпай)
9. «Ару Астана-2» (2 ұпай)
Аяна Тоғанбек