Қаңтар-наурыз айларында мұнай өндіру және экспорттау көрсеткіштерінде өсім байқалған. Бұл жайында Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысы кезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алдын ала деректер бойынша, биылғы қаңтар-наурызда мұнай және конденсат өндіру көлемі 22,7 млн тоннаны құрады. Оның ішінде, Теңізде – 7,3 млн тонна, Қашағанда – 4,7 млн тонна және Қарашығанақта 3,2 млн тонна мұнай өндірілді», деді Энергетика министрі.
Айта кетсек, қазіргі кезеңде 17,6 млн тонна мұнай экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға артық.