30 наурыз күні Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдардың бірінде белгісіз біреу әкімшілік ғимараттың темір қоршауын ұрламақшы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күдікті жымысқы әрекетін соңына дейін істей алмағандықтан, қоршауды бүлдіріп тастап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құраған. Аталған фактіге байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-188 бабына (Ұрлыққа оқталу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
5 сәуір күні полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы күдікті ұсталды. Ол темір қоршауды ұрлап, сатып жібермекші болғаны туралы мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.