• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Сәуір, 2022

COVID-19 пандемиясы әлі аяқталған жоқ - ДДҰ

227 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Омикрон» штамының жаңа түріне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ұйым «Омикрон» штамының екі жаңа түрін бақылап жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы BA.4 және BA.5 штамдарының жұқпалы екенін анықтау үшін бағалау тізіміне қосқанын айтқан.

«ДДҰ қосымша мутацияларға байланысты жаңа кіші түрлерді бақылауды бастады, олардың иммундық қорғаныс әлеуетіне әсерін түсіну үшін қосымша зерттеу қажет», делінген хабарламада.

Сонымен қатар ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс әлемде COVID-19 пандемиясының әлі аяқталмағанын айтты. Ол соңғы аптада COVID-19-дан өлім саны азайып жатқанын, бірақ вирус өте жұқпалы екенін, дамуын жалғастырып жатқанын мәлімдеген.   «COVID-19 пандемиясы әлі аяқталған жоқ. Ол жұғуын тоқтатпағанша пандемия еш жерде аяқталмайды», деді Т. Гебрейюс.

Сонымен қатар коронавирусқа қарсы шектеулердің жеңілдетілуіне байланысты инфекция тезірек таралуы мүмкін, бұл өз кезегінде жаңа штамдардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

«Вакцина өмірді сақтап қалудың ең күшті құралы болып қала береді», деді ДДҰ басшысы.

Аяна Тоғанбек