• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2022

Оралда көші-қон полициясының бөлім басшысы парамен ұсталды

246 рет
көрсетілді

Орал қаласында пара алғаны үшін айыпталған көші-қон полициясының бөлім басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Уральская неделя» порталына сілтеме жасап.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Қанат Мұқанов 11 сәуір күні 50 мың теңге көлемінде пара алған кезде ұсталды.

Осы ақша үшін қажетті анықтаманы жылдам істеп беруге уәде еткен көрінеді. Полиция басшысы ұсталып, қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті әріптесінің ұсталуына қатысты түсініктеме бермеді. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Мұқановтың ұсталғанын растады.

Облыстық соттың мәліметіне сәйкес, қылмыстық іс материалдары тергеу сотына әлі түскен жоқ.