Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихатының шешімі бойынша мегаполистегі атаусыз көшелерге атаулар беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алатау ауданының «Нұркент» шағын ауданы бойынша:
№ 1 жобалық атауы бар көшеге Аднан Мендерес есімі беріледі.Бостандық ауданының «Ерменсай» шағын ауданы бойынша:
№ 2 жобалық атауы бар көше Жақсылық Үшкемпіровтың есмімен аталады; № 4 жобалық атауы бар көше Қаршыға Ахмедияров көшесі деп аталады; № 5 жобалық атауы бар көше Шолпан Жандарбекова көшесі деп аталады.Бостандық ауданының «НұрАлатау» шағын ауданы бойынша:
№ 12 жобалық атауы бар көше - Ғазиз Жұбанов көшесі; № 13 жобалық атауы бар көше - Кәкімбек Салықов көшесі;Бостандық ауданының «Нұрлытау» шағын ауданы бойынша:
№ 6 жобалық атауы бар көше - Роза Жаманова көшесі;Медеу ауданы бойынша:
№ 2 жобалық атауы бар көше – Тимофей Седельников көшесі; № 7 жобалық атауы бар көше - Мәшһүр Жүсіп көшесі;Медеу ауданының «Алатау» шағын ауданы бойынша:
№ 14 жобалық атауы бар көше - Лев Гумилев көшесі.Осылайша, қаланың бірнеше аудандарының атаусыз көшелеріне белгілі қайраткерлердің есімдері беріледі.
Құжат 27 сәуірге дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.