Қазгидромет 14-16 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикада желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте бұрқасын, Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі», делінген Қазгидромет хабарламасында.
Алматы облысының шығысында найзағай ойнайды, солтүстік-шығыста жел күшейеді.
Атырау облысының батысында, шығысында найзағай, шаңды дауыл болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында – найзағай ойнап, жел тұрады.
Маңғыстау облысында – желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде – күн күркіреп, тұман түседі, күндіз облыстың шығысында жел күшейеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында – найзағай ойнап, көктайғақ болады, найзағай кезінде желдің жылдамдыңы 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде – күн күркіреп, тұман түседі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел болады.
Солтүстік Қазақстан облысында – желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жел тұрады.
Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел күшейеіп, шаңды дауыл соғады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз – найзағай ойнап, жел күшейеді.
Ақтөбе облысының шығысында – тұман, күндіз облыстың батысында – жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында – жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Аяна Тоғанбек