Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов америкалық промоушендегі кезекті жекпе-жегін жазда өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Вестник ММА» басылымының мәліметінше, Рахмоновтың қарсыласы америкалық Нил Мэгни болмақ. Олардың жекпе-жегі әзірлену үстінде және маусым айында UFC турнирлерінің бірінде өтуі мүмкін.
Айта кетейік, екі боксшы да UFC жартылай орта салмақтағы топ-15-ке кіреді. Рахмонов - 13, ал Мэгни оныншы орында.