Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Маңғыстау облысын шаңды дауыл басты. Осыған байланысты облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерін аса қажеттіліксіз жолға шықпауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Инспекторлар жол ережелерін қатаң сақтауға және жылдамдық режимін асырмауға шақырады», делінген Маңғыстау облысының полиция департаменті таратқан хабарламасында.
Бұған дейін Маңғыстау облысында дауылды ескерту жарияланған еді.