• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Сәуір, 2022

Қаңтар оқиғасында қаза болғандардың туыстарына қаражат төленеді

544 рет
көрсетілді

Қаңтар оқиғалары кезінде жазатайым қаза болған адамдардың туыстарына қаражат аударылады. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Бүгінгі таңда қаза тапқан 19 және ауыр жараланған 106 Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне материалдық көмек көрсетілді. Жалпы сома 451 млн теңгені құрады», деді Ләззат Шыңғысбаева брифинг барысында.

Ол сондай-ақ қаңтар оқиғасында жазатайым қаза болғандардың туыстарына қаражат бөлінгенін айтты.

«Қаза болған үш азаматтың отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдер жіберілді. Сондай-ақ зардап шеккен үш баланың және қайтыс болған екі баланың отбасыларына ақшалай төлемдер аударылды. Бұл санаттағы жапа шеккендерге төленген жалпы төлем сомасы 44 млн теңгені құрады», деді қор өкілі.

Айта кетсек, соңғы үш айда «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 126,05 миллиард теңге қаржы түсті.