Алматы тауларында орын алған көшкін кезінде хабар-ошарсыз кеткен екінші адамның денесі табылды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Құтқарушылар тобы көшкін кезінде жоғалған екінші адамның денесін тапты. Оның жеке басы әлі анықталған жоқ. Оқиға орнына тергеу тобы жөнелтілді», делінген Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске сала кетсек, 13 сәуірде «Молодежный» шыңында қар көшкіні орын алып, оның астында екі адамның қалғаны белгілі болды.