«Қазақстан халқына» қоғамдық қорына үш айда 126 млрд теңге қаржы түсті. Бұл туралы қордың төрағасы Болат Жәмішев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«126 млрд теңге түсті, оның негізгі бөлігі ірі төлемшілерден болды. Сонымен қатар қомақты қаражат аударған орта кәсіпорындар да баршылық. Біздіңше, осы кәсіпорындар биылға арналған жоспарларын орындап шықты», деді Б. Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сонымен қатар ол жеке адамдар да өз қаражатын бағыттап жатқанын атап өтті.
«Қазіргі кезде қор қаражатын толықтыруға қатысты басқа бағыттардан келіп жатыр. Яғни, қаражат шағын сомада жеке адамдардан жіберіліп отыр. Олар Kaspi.kz арқылы мүмкіндігінше ақша бөлгенін көріп жатырмыз», деді Б. Жәмішев.
Аяна Тоғанбек