СІМ басшысы Қазақстанның сыртқы саяси курсының іске асырылуына қосқан үлесі үшін бірнеше елшіні марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Түркиядағы жаңадан тағайындалған елшісі Еркебұлан Сапиевке және Қазақстанның Түркиядағы бұрынғы елшісі Абзал Сапарбекұлына «Құрмет» орденін, сондай-ақ Молдовадағы Қазақстанның елшісі Алмат Айдарбековке «Ерен еңбегі үшін» медалін тапсырды.