• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Сәуір, 2022

Қазақстандық боксшы Ұлыбританияда жекпе-жек өткізеді

234 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (12-0, 8 КО) мальталық Хайтем Ламузбен (17-1, 7 КО) жұдырықтасады. Бұл Зәуірбек үшін тарихи жекпе-жек болады, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

Зәуірбек Ұлыбритания аумағында алғаш рет титулды жекпе-жек өткізеді. 25 жастағы боксшы Ұлыбританияда бес рет жекпе-жекке шыққан еді. Ол карьерасындағы үш титулды жекпе-жекті Алматыда өткізген болатын. 

Лондондағы кездесу 15 сәуірде өтеді, боксшылар екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO European чемпионы титулын сарапқа салады.

Еске салсақ, Сұлтан Зәуірбек кейінгі рет рингке былтыр желтоқсанда шығып, ұлыбританиялық Райан Уилерді (16-2-1, 0 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірген болатын.