• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Сәуір, 2022

Жолдау жүктеген міндеттер салмақты

342 рет
көрсетілді

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында бюджет процестерін «қайта жүктеу» және блоктық бюджетті енгізу мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесті.

Басқосуды алғысөзімен ашқан комитет төрағасы Серікбай Трұмов қазіргі кезде Президент алға қойған міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын және жақын арада бюджет заңнамасына тиісті түзетулер ұсынылатынын атап өтті.

Сенатор Нұрлан Бекенов кездесу барысында блокқа бөлінетін бюджеттегі негізгі ерекшеліктер туралы айтып берді. Ол мұндай тәсілдің негізгі қағидаты бюрократияны барынша азайту, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қаражатты қайта бөлуде еркіндік беру және ұзақ мерзімді мақсаттарға баса назар аудару екенін атап өтті. Бұл жүйе әрбір министрліктің көп жылғы шығыстар жоспарын алуға негізделуге тиіс, ол бойынша қаражат стратегиялық бастамалар арасында өздігінен қайта бөлінетін болады. Яғни жүйе министрліктер мен мекемелерге бюджетті дербес басқару құқығын беретін болады.

«Қазіргі уақытта блоктық бюджеттің жекелеген бөлшектері ғана енгізілетін болады. Ол үшін бюджеттік бағдарламаларды айтар­лықтай ірілендіру, сондай-ақ бюджетті блоктар бойынша қалып­тас­тыру керек. Сонымен қатар шы­ғыс лимитінің көлемін айқындау, бюджетті қалыптастыру және қар­жыны басқару тәсілдерін қайта қарау қажет», деді сенатор Н.Бекенов.

Кездесуде Есеп комитетінің өкіл­дері де өз ұсыныстарын білдірді. Ұсы­ныс­тардың қатарында тексеру комиссияларына астана, рес­пуб­ликалық маңызы бар қалалар, облыстар және қалалар бюджеттерінің жобаларына алдын ала бағалау жөніндегі функция беру туралы да айтылды.