«Киік» кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында өткізіледі.
Еліміздің 12 облысында жүргізілетін шара Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен бұйрығы негізінде ұйымдастырылады.
Қызылордадағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Охотзоопром ӨБ» РМҚК өңірлік филиалы басшысы Берік Жорабеков акция аясында атқарылар жұмыстарға тоқталды.
– Елімізде бұл жануарды 2023 жылға дейін аулауға, етін пайдалануға тыйым салынған. Биыл жылдағыдай облыстың солтүстік-шығыс беткейіндегі Қарақұмды Бетпақдаладан ауған 30 мыңға жуық киік қыстап шықты. Акция шеңберінде құқық қорғау органдарымен бірлесіп Қызылорда – Ақтөбе, Қызылорда – Жезқазған және Қызылорда – Түркістан бағытындағы жолдарда мобильдік топтар жұмыс істейді, – деді ол.
Қызылорда облысы