• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Сәуір, 2022

Қаржы пирамидасын құрғандар қатаң жазаланады

535 рет
көрсетілді

Бас прокуратура қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, заң жобасына келесі түзетулер енгізілген:

Алаяқтық, қаржы пирамидаларын құру, монополистік қызмет, экономикалық контрабанда, кедендік баждарды төлеуден жалтару, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту және қорғау ережелерін бұзу, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту; ҚАЖ мекемелерінде, тергеу изоляторларында, УҰИ-да ұсталатын адамдардың ұялы байланыс құралдарын заңсыз бергені және пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізу; Жазаның жекелеген түрлерін тағайындау және орындау тәртібін жетілдіру (қылмыстық қамауға алу ұғымын оны өтеу шарттарын жеңілдете отырып түзету); ҚІБ мәселелері бойынша тәуелсіз қоғамдық комиссиялар құру; Соттардан бірқатар өкілеттіктерді прокуратура органдарына бере отырып, жекелеген іс жүргізу және тергеу әрекеттерін санкциялау тәртібін жетілдіру; Қорғау тарапына қорғау актісі түрінде сотқа шоғырландырылған іс жүргізу құжатын беру құқығын беру; Тергеу әрекеттерін бейнетіркеудің іс жүргізу маңыздылығын кеңейту; Сотталғандармен ынтымақтастық туралы процестік келісім институтын жетілдіру; Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары мен рәсімдерін, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы шығаратын процестік шешімдердің санын қысқарта отырып оңтайландыру.

Бұл үшін Бюджет кодексіне, Қылмыстық кодекске, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Қылмыстық-атқару кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңдарға түзетулер енгізу қажет.

Заң жобасы жария талқылау үшін 28 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.