• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 320

409 рет
көрсетілді

2014 жылғы 4 сәуір  Астана, Үкімет Үйі Еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2014 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған әлеуметтік төлемдерді алушы болып табылатын адамдарға еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2014 жылғы 1 сәуірден бастап алатын әлеуметтік төлемдер мөлшерінің 4,59 пайызына арттыру жүргізілсін. 2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі     К. МӘСІМОВ.