• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Сәуір, 2022

Жексенбіге арналған ауа-райы болжамы

478 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 17 сәуірде ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Жалаңашкөл ауданында екпіні 28 м/с дейін артуы ықтимал.

Түркістан облысының таулы жерлерінде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.

Күндіз 18-19 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай болжанады. Күндіз 17-19 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с жетеді.