• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2022

Маңғыстауда ластанған бұлақтан жануарлар өліп жатыр

527 рет
көрсетілді

Жармыш ауылы маңында ластанған бұлаққа сиырлар батып өлді. Бұл туралы жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде жазған, деп хабарлайды Egemen.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Жармыш ауылының батыс жақ бетінде Барыс деген 3-4 км жерде карьер бар. Карьер аумағында бұлақ суы ағады. Одан мал су ішеді, әсіресе, сол маңда ауылдың сиырлары жайылады.

«Бүгін сол жерге сымала секілді сұйықтық төгілген. Оған ауылдың сиырлары батып өлген. Былтыр да осындай жағдай болған», делінген жазбада.

Тұрғын карьер туралы аудан әкімшілігіне бірнеше рет айтқан. Десе де нақты нәтиже жоқ.