• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Пікір 18 Сәуір, 2022

Жаңа бетбұрыстың нақты қадамы

190 рет
көрсетілді

Елімізде жаңа саяси-қоғамдық ахуалды әділ бағалау мен оған жан-жақты қолдау білдіруде жұртшылықтың көзқарастары мен ортақ ойлары бір арнаға тоғысуда. Себебі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамалары бүкіл сая­си жүйені жаңғыртып, қайта бастауды білдіреді. Біздің хал­қымыздың бүгінгі өмірінде шынайылық пен ашықтық, аза­мат­тар­дың мүддесіне қызмет етудің мағынасы тың ұғым­дармен тиянақталып отыр.

Қоғамдық ой-санада билік пен бұқара арасындағы жаңа тиімді қарым-қатынастар жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына оң әсер етуде. Бұл халықтық се­нім­­ді нығайта түскенін көрсе­те­ді. Сонымен бірге қара­па­йым халықтың талабы да кү­ше­йіп, өз­дерінің қоғамдағы ой-ұсы­ныс­та­рын ашық жеткізуде. Тұтастай алғанда қоғам әділеттілік пен ашықтыққа, жариялылық пен жа­ңа­руға негізделген бетбұрыс­тар­дың тірегіне айналды.

Жаңа Қазақстанды құрудың басты қағидаты – әділдік пен әлеу­меттік әділдік болуының тарихи мәні мен оның нәтижесіне өз өмірімізде-ақ тілеулі халқымызбен бірге куә болатынымызға сенеміз.

Бүгіндері Қазақстанда мемле­кет­тік басқарудың жаңа моде­ліне көшетін іс-шаралар қолға алынып, оны жүзеге асырудың қажетті қадамдары жасалуда.

Мұның бәрін халық көріп, естіп отыр. Көптеген өзекті мәсе­ле­нің дер кезінде шешілуінен ұт­а­рымыз көп. Мәселен, жұрт қандай да бір мәселені жергілікті атқару органдары тарапынан қы­­лаң беретін, тіптен әуре-сар­саңға салатын сөзбұйдалық пен қа­ғазбастылық секілді құбы­лыс­тар­ды қаламайды.

Мемлекет басшысының күні кеше мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы Жарлыққа қол қойғанында бұл мәселенің үлкен мәні мен беретін нәтижелері құптау тұр­ғы­сында қабылданып отыр. Жаңа заман, жаңаша талап, нақты қадам­дар барлық реформалық істі ілгерілетуге ықпал етеді.

Жарлық бюрократиядан арыл­ту­­дың негізгі қағидаттарын ай­қын­дап берді. Олар – форма мәні­нің басымдығы, бастапқы қал­пы бойынша цифрландыруды, басқарушылық жауапкершілікті, үз­діксіз жетілдіруді, регла­мент­теу­дің оңтайлығына байланысты нақтыланған. Бұл ретте жүйелі және қолданбалы шаралар кешені қарастырылған.

Осында көзделген шаралардың жүзеге асырылуы мемлекеттік ап­па­ратта шешімдердің қабыл­да­нуын жылдамдатады, мемле­кет­тік органдардағы бірін­ші бас­шылардың дербестігі мен жеке жауапкершілігін артты­ра­ды, құжат айналымы мен есеп беру­шілікті қысқартады. Атап айт­қанда, жүктелген міндет­тер­ді жылдам жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдарға норма­тивтік құқықтық актілерді өздері­нің функцияларын заңнамалық дең­гейде нақтылап жатпай-ақ қа­был­дауға құқық беріледі.

Мемлекеттік аппараттың тиім­ді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін озық талаптар мен жаңа мін­дет­тердің мән-мағынасы жаңа уақыт­қа сай жауапкершілік және мей­лінше айқындық сипатымен мағыналы.

Үкіметке он жұмыс күні ішін­де осы Жарлықты іске асыру жө­ніндегі іс-қимыл жоспарын бекі­туді қамтамасыз етуді атап көр­сет­кен. Бұл, әлбетте, үлкен мін­­дет­тер мен жауапкершілік жүк­­тейді.

Мұны барша отандастарымыз Жаңа Қазақстан құру ісі аясында атқарылып жатқан сенімді және серпінді қадамдар мен іскерлік жағдайдың түбегейлі өзгерістері деп біледі.

 

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН,

Мәжіліс депутаты