• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Сәуір, 2022

Калифорния шылаушынын өсірушілер көбейді

397 рет
көрсетілді

Ордабасы ауданы, Бөржар ауылдық округіне қарасты Қайнар елді мекенінде аудан шаруаларына биогумус органикалық тыңайтқышын өндірудің қыр-сырын үйретуге арналған семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде сала мамандары биогумус бизнесі бойынша тәжірибемен бөлісіп, қатысушыларға кәсіпті қалай бастау керектігін егжей-тегжейлі баяндап берді.   «Жұмыспен қамту орталығы арқылы берілетін грант алушыларға осы жобаны енгізіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және облыс деңгейінде пилоттық жоба ретінде жүзеге асыруды ұсынамыз», дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Фатима Қайымқызы.    Бүгінде биогумусқа қажетті шикізат ауыл тұрғындарының ауласынан көптеп табылады. Енді соны кәдеге жаратып, төрт түліктің көңіне шылаушын қосып, қарашірікке, яғни, органикалық тыңайтқышқа айналдыру арқылы егістік жердің құнарын арттыруға болады. Жердің құнарлығы артып, ол 3 жылға сақталады. Бұл бірінші кезекте шеттен келетін химиялық тыңайтқыштарға тәуелділікті азайтады.   Қазіргі таңда аудан көлемінде 15-ке жуық азамат осы шаруашылықпен айналысып жатыр. Аудан әкімінің тапсырмасына орай болашақта бұл кәсіп түрін барлық ауыл, елді мекендерде жүзеге асыру көзделіп отыр.