• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бизнес 19 Сәуір, 2022

Кәсіпкерлікке қойылатын талаптар қайта қаралады

691 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында бизнеске арналған талаптар қайта қаралатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл процесс 2023 жылға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мәселелерінің бірі - қолайсыз реттегіш жүйе және шектен тыс әкімшілік жүктеме. Бұл мәселені шешу үшін 2021 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды», деді Т. Жақсылықов.

«1-кезең – 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында сауда қызметі, көлік, ауыл шаруашылығы, қоғамдық тамақтандыру салаларына қойылатын талаптарды қайта қарау. Аталған салаларда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қамту шамамен 60%-ды құрайды. 2-кезең – 2022 жылдың екінші жартыжылдығында және 2023 жылы денсаулық сақтау, құрылыс, өнеркәсіп және басқа да салалардағы бизнеске қойылатын талаптарды қайта қарау қамтамасыз етіледі. Осылайша, кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі қалыптастырылып, ол бизнес ортаға теріс әсер ететін талаптарға қатысты «Реттеуші гильотина» әдісін қолдануға мүмкіндік береді», деп түсіндірді вице-министр.

Сондай-ақ ол мемлекеттік бақылауды автоматтандыру арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алуға көшу көзделіп отырғанын айтты.

«Кәсіпкерлік қызметті реттеудегі жаңа тәсілдерді іске асыру бизнеске жүктемені түбегейлі азайтуға және іскерлік белсенділікті дамытуға серпін беруге мүмкіндік береді», деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.