Елімізде қаңтар оқиғаларының ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау бойынша тергеу жалғасуда. Бүгін Бас прокуратура тәртіпсіздікке қатысушыларды қаржыландырған екі азаматты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматы облысында тәртіпсіздіктерге қатысушыларды қаржыландырған, сондай-ақ азаматтардың мүлкіне зиян келтіруге және мемлекеттік нысандарды басып алуға ықпал еткен «О» және «Н» азаматтары анықталды», деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасының 1 Қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін бір адамға 20-дан 100 долларға дейін төленген.
Е.Қилымжанов аталған фактілер тергеу барысында анықталғанын мәлімдеді.
Аяна Тоғанбек