Ағымдағы айда Қазақстан Ресей мен Қытайға мұнай жеткізуді ұлғайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Каспий құбыр консорциумы жүйесінен жеткізілімдерді қайта бөлуге байланысты Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан экспортқа қара алтынды қабылдау ұлғаяды.
Жоспар бойынша осы айда Қарашығанақ мұнайын «Атырау – Самара» учаскесі арқылы экспорттау көлемі 150 мың тоннаға дейін, Қашаған мұнайын – 60 мың тоннаға дейін ұлғайтады. «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры арқылы тағы 40 мың тонна Қашаған мұнайын Қытайға экспорттау жоспарлануда.
Аяна Тоғанбек