Грекия билігі Еуропалық Одақтың (ЕО) санкциялық саясаты аясында Ресей туымен мұнай тасымалдайтын танкерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Грекияның Kathimerini басылымының хабарлауынша, Ресей туының астындағы Pegas танкері ауа райының қолайсыздығынан Эубой аралына бет бұруға мәжбүр болған.
Грекияның жағалау күзеті өкілдерінің айтуынша, тиісті шешім ЕО мен НАТО-ның ресейлік кемелерге салған шектеулерін жүзеге асыру аясында қабылданған.