Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бұл көрші елдермен және тұтастай алғанда көптеген шет мемлекеттермен салыстырғанда жақсы жетістік», деді Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.
Министр отандық білім беру жүйесінің сапасын жалпы халықаралық рейтингтер бойынша бағалауға болатынын түсіндірді.
«Олардың бәсекеге қабілеттілігі өте жоғары деп айта аламын. Мысалы, егер колледждер бойынша WorldSkills чемпионатының қорытындыларын қарайтын болсақ, онда Қазақстан 60-тан астам қатысушы елдердің арасында 50-орыннан 14-орынға дейін көтерілді. Көріп отырғандарыңыздай, жақсы динамика бар», деді Асхат Аймағамбетов.
2016 жылы QS халықаралық рейтингісінде барлығы 8 университет, бүгінгі таңда Қазақстаннан 14 ЖОО болғаны атап өтілді.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда инновациялық білім беру бағдарламалары енгізілуде.
Аяна Тоғанбек