• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Сәуір, 2022

Баспасөз орталығы ашылды

396 рет
көрсетілді

«Ашық партия» тұжырым­дамасын іске асыру мақсатында Amanat Орталық аппаратында көпфункционалды баспасөз орталығы ашылды. Мұнда тұрақты түрде брифингтер, баспасөз конференциялары және медиа саласының өкілдерімен түрлі форматтағы кездесулер өтеді.

Amanat жанындағы баспа­сөз орталығы партияның ха­лық­пен кері байланысының, пар­тиялықтардың ашықтығы мен жариялылығын арттырып, сондай-ақ БАҚ-пен жұмыс істеуде жаңа тәсілдерді енгізудің тиімді құралдарының бірі болмақ.

«Наурызда өткен кезектен тыс съезде Қасым-Жомарт Тоқаев партияны жаңғырту, оның ішінде сайлаушылармен кері байланысты күшейтуге және партиялықтардың қоғаммен ашық жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысты негізгі міндеттерді атап өтті. Сайлауалды бағдарла­ма­ның орындалуы, депутаттық фрак­цияның жұмысы және пар­тия­лық жобалардың іске асыры­луы туралы жедел ақпарат беру мақ­сатында ашылған көпфун­к­ционалды баспасөз орталығы – партия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жолындағы қадам­дардың бірі», деп атап өтті партия хатшысы Ринат Кертаев.

Сондай-ақ баспасөз кон­ферен­циялары партияның әлеу­мет­тік желідегі жеке парақша­ларында онлайн режімде көрсе­тіледі. Баспасөз орталығы журналистер мен спикерлерге ыңғайлы болу үшін қажетті мультимедиа құралдарымен жабдықталған. Amanat партиясы жанындағы бас­пасөз орталығының жетек­шісі болып Қымбат Қали тағайын­далды.

«Баспасөз орталығы партия­ның күн тәртібіндегі өзекті мә­се­лелер бойынша ақпаратты талқылау және тарату орнына айналуға тиіс. Дәстүрлі баспасөз конференцияларынан бөлек, іскерлік әрі бейресми жағдайда түрлі кездесулер ұйымдастыру үшін диалог алаңын ұсынамыз», деді Қымбат Қали.

Баспасөз мәслихатының не­гіз­гі тақырыптары Amanat пар­­тия­сы депутаттық фракция­сы­ның заң шығару бастамалары, қоғамдық кеңестер мен Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі, партиялық жобаларды іске асыру және сайлауалды бағдарламаны орындау болады деп жоспарланып отыр.