Батыс Африкада ірі жол апаты болды. Апат салдарынан автобустың барлық 20 жолаушысы қаза тапты, оның ішінде төрт бала болған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті Daily Post газетінің хабарлауынша, Нигерияда Баучи-Кано тас жолында екі коммерциялық автобус соқтығысқан.
Полицияның мәліметінше, Volkswagen Golf 3 пен Sharon маркалы шағын автобусының соқтығысуы салдарынан өрт шыққан. Автобустарда барлығы 21 адам болды, олардың 20-сы тірідей жанып қайтыс болды.
Полицейлердің айтуынша, апаттан тек автобус жүргізушісі аман қалып, ауруханаға жеткізілген.
Қайтыс болған жолаушылардың ішінде төрт бала бар. Полицейлердің пікірінше, жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі - жол жүру ережелерін елемеу.