• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2022

Қарағандыда төрт жасар бала терезеден құлап кетті

300 рет
көрсетілді

Қарағандыдағы тұрғын үйдің екінші қабаттағы терезесінен төрт жасар бала құлап кетті. Түрлі дене жарақаттарын алған бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық ТЖ департаментінің құтқарушылары жазатайым оқиға Қарағандыдағы құрылысшылар даңғылында орналасқан үйде орын алғанын айтады.

«Түстен кейін ересектердің қарауынсыз қалған бала 9 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кетті. 2017 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды», дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар бұндай жағдайлардың көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде орын алатынын еске салады.