Тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры, Германия археологиялық институтының, Қоғамдық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, әлемге әйгілі ғалым Виктор Федорович Зайберт 75 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Виктор Зайберт - Қазақстанның археологиясы мен ежелгі тарихы туралы ғылыми жаңалықтардың, монографиялар мен көптеген мақалалардың авторы.
Ол - 1980 жылы әлемді Ботай мәдениетімен таныстырған бірегей археолог.
Виктор Зайберт 1947 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Николаевка ауылында дүниеге келген. Явленка орта мектебін, кейін Петропавл пединститутының тарих факультетін «тарих мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Виктор Зайберт өз еңбек жолын 1969 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археология бөлімінде бастады.
1967 жылы музей қызметкері және пединституттың оқытушысы Геннадий Здановичтің басшылығымен Солтүстік Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеумен айналыса бастады.
Эрмитажда, мемлекеттік тарихи музейде, Пушкин музейінде, Бүкілодақтық реставрациялау орталығында, Кремль реставрациялау зертханаларында тағылымдамадан өткен.
Бар ғұмырын тарих пен археологияға арнаған Виктор Зайберт 75 жасында көз жұмды.