Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 20 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 10:59-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зілзала ошағы Алматыдан батысқа қарай 883 шақырым қашықтықта, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы маңында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.7.
Магнитудасы – 4.3 MPV.
Бағыты 42.68° с.е, 66.13° ш.б орналасқан.
Тереңдігі – 15 шақырым.