Қазақстандық спортшы Ернар Фидахметов Ұлан-Баторда өтіп жатқан грек-рим күресінен Азия біріншілігінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Финалдық жарыстың екінші күні Ернар Фидахметов (60 кг) үшінші орын үшін айқаста кілем иесі - моңғол палуаны Балиннямды жеңді. Есеп - 12:6.
Ернұр Фидахметовтен бөлек, медальдар үшін тағы төрт қазақстандық балуан бақ сынайды.
Финал (67 кг): Мейіржан Шермаханбетов - Хансу Риу (Корея).
Финал (72 кг): Абылайхан Әмзеев - Мохамад Реза Хойотолла Мохтари (Иран).
Финал (82 кг): Диас Қален - Расул Саде Гармсири (Иран).
Үшінші орын үшін айқас (97 кг): Санжар Серікхан - Такихито Цурудо (Жапония).